"Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ
ресми интернет ресурсы
ТЕЛЕФОН +7 (71837) 69962

Мәзір

Фотосуреттер

Жаңалықтар мұрағаты

  • ДС
  • СС
  • СР
  • БС
  • ЖМ
  • СН
  • ЖС

ЕРЕЖЕ

Ақсу қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 1 шілдедегі

№ 529/7 қаулысымен

бекітілді

 

“Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1. Жалпы ережелер

                                                    

1. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу өңірінің аумағында мәдениет, Қазақстан Республикасы халқының тілдерін дамыту мен қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 37.

10. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел культуры и развития языков города Аксу”.

12. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

13. Осы Ереже “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

14. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

15. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі

міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

         16. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қазақ ұлттық мәдениетті, Қазақстандағы басқа халықтардың мәдениетін жаңғырту, дамыту, қолдану және тарату бойынша мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан Республикасында тұратын этникалық топтардың тілдерін дамыту болып табылады.

17. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты мәдениет, Қазақстан Республикасы халқының тілдерін дамыту мен қолдану саласындағы мемлекеттің саясатын іске асыру болып табылады.

18. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қазақ ұлттық мәдениетті, Қазақстандағы басқа халытардың мәдениетін жаңғырту, дамыту, қолдану және тарату бойынша мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан Республикасында тұратын этникалық топтардың тілдерін дамыту.

19. Міндеттері:

         1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениеті және тілдерін дамыту, зерделеу үшін қолайлы жағдай жасау;

         2) тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

         20. Функциялары:

1)    мәдениет пен тілдерді дамыту саласындағы өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және орындайды;

2)    өңірде тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен объектілердің дамуына ықпал жасайды;

3)    оның негізінде әлеуметтік саланың басым бағыттар белгіленген, халықтың мәдени ағарту саласындағы сұраныстары жөніндегі ақпараттарды жинау, талдау және өңдеуді, Ақсу өңірі аумағында мәдени-сауық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

4)    тілдерді қолдану мен дамыту жөніндегі қалалық жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

5)    мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастырады;

6)    қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру туралы, сонымен қатар олардың қызметін қолдайды және үйлестіреді;

7) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

8) қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

9) қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

10) қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, жаңғырту және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

12) қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

13) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

14) қала әкімдігіне ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

21. Құқықтары мен міндеттері:

         1) “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құқығы:

мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

 қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсынуға;

“Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

           қала әкімдігі мен әкіміне Ақсу өңірі аумағында мәдениет және Қазақстан Республикасы халқының тілдерін дамыту және қолдану мәселелері туралы ұсыныстар енгізу.

         2) “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің міндеті:

          мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша облыс және қала әкімдігінің және әкімінің заңнамалық актілеріне, және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін заңнама нормасына сай сапалы түрде жүзеге асыру.

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

 

3. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”

 мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

22. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

23. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

24. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”  мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін кезметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Заңнамамен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

5) “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;

7) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттік шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады;

“Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

25. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”  мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

26. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

27. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы және еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

 

4. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ”

 мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

28. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

“Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

29. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

5. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

 

31. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

32. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

 

6. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”

мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

33. “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігіндегі келесі ұйымдар бар:

         1) Ақсу қаласы әкімдігінің “Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

         2) Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Сауық сервис” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         3) Ақсу қаласы әкімдігінің, “Ақсу қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының мәдени-бос уақыт орталығы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны. 

 

 

Іздеу...

Контакты:

  • Мекенжайы: Аксу к, Астана к., 37, 140100

  • Телефоны: +7 (71837) 69962

4Future LLC

© 2020 - "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ